Мемлекет басшысы
Президент • Кеше
Мемлекет басшысы көші-қон туралы заңға қол қойды
Мемлекет басшысы «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • Кеше
Мемлекет басшысы Малайзия Премьер-министрімен кездесті
«Ақорда» резиденциясында Премьер-министр Ануар Ибрагим бастаған Малайзия Үкіметінің делегациясын салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Мемлекет басшысы шағын форматтағы кездесу барысында Малайзияны Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктестерінің бірі ретінде атады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 06 Мамыр, 2024
Мемлекет басшысы бірқатар заңдарға қол қойды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 06 Мамыр, 2024
Мемлекет басшысы Сербия Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Мемлекет басшысы Сербия Президенті Александр Вучичпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 02 Мамыр, 2024
Мемлекет басшысы Ресей хоккей федерациясының президентін қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей хоккей федерациясының президенті Владислав Третьякты қабылдады. Кездесуде ТМД елдерінде хоккейді дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Пікір • 25 Сәуір, 2024
Ассамблея жұмысын еліміздің жаңа гуманитарлық идеологиялық доктринасымен үйлестіру қажет. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIII сессиясында айтты.
Президент • 25 Сәуір, 2024
Президент ҚХР Қорғаныс министрі Дун Цзюньді қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Қытай Халық Республикасының Қорғаныс министрі Дун Цзюньге ілтипат білдіре отырып, оның тату көршілік, достық қатынастарды және өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесін ерекше атап өтті. Президент қазақ-қытай байланыстары жоғары деңгейде екеніне, яғни арада мәңгілік әрі жан-жақты стратегиялық серіктестік орнағанына назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 28 Ақпан, 2024
Президент теміржол саласының ардагерлерімен жүздесті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының инновациялық бастамаларымен танысқаннан кейін, теміржол саласының ардагерлерімен жүздесті. Олардың қатарында Қалтай Сәмбетов, Борис Есенаманов, Марат Хамзин, Болатбек Дүйсемәлиев, Қуаныш Котырев, Ескендір Рахметжанов, Оразғали Ахметбаев сияқты құрметті теміржолшылар болды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 19 Ақпан, 2024
Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 10 Ақпан, 2024
Мемлекет басшысының Күзет қызметі бастығы тағайындалды
Аталған лауазымдық тағайындау туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 22 Қаңтар, 2024
Мемлекет басшысы Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысын өткізді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті. Жиынға Президент Әкімшілігі мен мемлекеттік органдардың басшылығы, өңірлердің әкімдері, ІІМ алқа мүшелері, орталық аппараттың басшылық құрамы және аумақтық полиция департаменттерінің жетекшілері қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 03 Қаңтар, 2024
Мемлекет басшысы: Жаппай тәртіпсіздіктің кез келген түріне қатаң тосқауыл қойылады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында еліміздің саяси ұстанымы демократиялық даңғыл екеніне тоқталып, ел ішінде тыныштық сақтау мақсатында ұстанатын мызғымас қағидалар туралы айтты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 30 Желтоқсан, 2023
Мемлекет басшысына мерекелік құттықтау жеделхаттары келіп жетті
Президенттің атына Жаңа жыл мерекесіне орай шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың басшыларынан құттықтаулар келіп жатыр. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 26 Желтоқсан, 2023
Президент бастамалары мәдениет саласына тың серпіліс берді – Аида Балаева
Қазір Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде ауқымды өзгерістер болып жатыр. Бұл жаңа белесті бағындырған тарихи уақыт болды. Соның ішінде, мәдениет пен идеология саласында үлкен бастамалар қолға алынып, «Әділетті Қазақстан» концепциясының іс жүзіндегі тұғыры айқындала бастады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 25 Желтоқсан, 2023
Мемлекет басшысы Б.Ельцин атындағы кітапханаға барды
Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысу үшін Б.Н.Ельцин атындағы президенттік кітапханаға барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 19 Желтоқсан, 2023
Президент БАӘ-нің Қазақстандағы елшісін қабылдады
Мемлекет басшысы БАӘ-нің Қазақстандағы елшісі Мұхаммед Саид Мұхаммед әл-Арикиді қабылдады. Кездесуде бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 14 Желтоқсан, 2023
Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті елінің айтулы жетістікке қол жеткізуімен, атап айтқанда, Әзербайжанның 2024 жылы климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ-ның негіздемелік конвенциясына қосылушы тараптардың 29-шы конференциясы өтетін мемлекет ретінде таңдалуымен құттықтады. Жеделхатты Ақорданың баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 23 Қараша, 2023
Президент ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шағын құрамда өткен сессиясына қатысты
Жиынға Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон, сондай-ақ ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 03 Қараша, 2023
Мемлекет басшысы Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммитіне өзі арнайы қатысқаны үшін Гурбангулы Бердімұхамедовке ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 01 Қараша, 2023
Қазақстанның рөлі мен географиялық орналасуы Франция үшін маңызды - Эмманюэль Макрон
Екіжақты келіссөздерден кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франция Президенті Эмманюэль Макрон бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін бірлескен мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 18 Қазан, 2023
Президент: қазақ-қытай қатынастары стратегиялық серіктестіктің жоғары деңгейіне жетті
Мемлекет басшысы Қытайдың Халықтық саяси консультативтік кеңесі Бүкілқытайлық комитетінің төрағасы Ван Хунинмен келіссөз жүргізді, оған ілтипат білдіре отырып, оны аталған лауазымға сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 17 Қазан, 2023
Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы атынан ұйымдастырылған ресми қабылдауға барды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары деңгейдегі «Бір белдеу, бір жол» бастамасының ІІІ форумына қатысатын делегация басшыларының құрметіне орай ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің атынан ұйымдастырылған ресми қабылдауға барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 17 Қазан, 2023
Президент: Екі ел арасында белсенді әрі сенімді саяси диалог орнаған
Қазақстан Президенті Бейжіңге ресми сапары аясында Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 17 Қазан, 2023
Мемлекет басшысы: Ынтымақтастықты нығайтуға мүдделіміз
Мемлекет басшысы SINOPEC компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Ма Юншэнді қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 17 Қазан, 2023
Қытайда Әл-Фарабиге қойылған бюст салтанатты түрде ашылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзі білім алған Бейжің Тіл және мәдениет университетінің аумағында орта ғасырлық философ, ғалым Әбу Насыр Әл-Фарабиге арналған бюстті салтанатты түрде ашу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 13 Қазан, 2023
Президент: Қазақстан лаңкестік әдістерді қолдануға мүлдем қарсы
Қазақстан Президенті ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Президент • 29 Қыркүйек, 2023
Қазақстан мен Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары Германия Президентімен кездесті
Мемлекет басшысы жиында «C5 + Германия» диалогы туралы бастама елдер арасындағы ынтымақтастыққа тың серпін беретінін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 29 Қыркүйек, 2023
Қазақстан-Германия арасындағы ынтымақтастық нығая береді
Президент адами капиталды дамыту және инвестиция тарту мәселесін ынтымақтастықтың өзекті бағыттардың бірі ретінде атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 11 Қыркүйек, 2023
Президент: Футболшыларымыз бен жастарымызды мақтан тұтамын
Мемлекет басшысы Қазақстан ұлттық құрамасының жеңісі туралы жылы лебізін білдіріп, елордалық еріктілер мен белсенділерге алғыс айтты. Ол өзінің Instagram парақшасында Қазақстан ұлттық құрамасының жеңісі туралы жазба жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 08 Қыркүйек, 2023
Албания Президентінің Қазақстандағы ресми сапары аяқталды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.